Астана әкімі Президентке елорданың қала құрылысы мен сәулеті саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндады

 АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.  
None
None

И.Тасмағамбетов Президентке елорданың қала құрылысы сәулеті саласындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Қала әкімі Мемлекет басшысына «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументі мүсіні мен Құрманғазы ескерткішінің сұлба-идеясына республикалық байқаулардың нәтижелерін ұсынды.

Жаңа елорданың дамуында қаланы сәулеттік-көркем және монументтік безендіру  елеулі орын алады. Астанада мәдениет, өнер қайраткерлеріне және тарихи оқиғаларға ескерткіштер тұрғызылуда.

1932-1933 жылдардағы кеңестік күштеп ұжымдастыру және тәркілеу  барысында миллиондаған адамдар қазаға ұшырады, миллионнан астам отандастарымыз туған жерін тастап кетуге мәжбүр болды. Осы қайғылы оқиғаларды есте сақтау үшін елордада «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументін орнату туралы ұсыныс енгізілді.

Елордада сондай-ақ қазақ музыка мәдениетінің дамуына зор ықпал еткен қазақ халқы мәдениетінің ұлы қайраткері, халық күйшісі және композиторы Құрманғазы Сағырбайұлына ескерткіш орнату жоспарлануда.

Жобаларды таңдаудағы басты өлшемдер сәулеттік-қала құрылысы шешімдерінің жинақтылығы, нысанның эстетикалық тартымдылығы, көркем бейнеленуі, алаңдардың функционалдық-техникалық және қала құрылысы шарттарын ескеру болмақ.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.  

Соңғы жаңалықтар