«Астана арландарының» құрамы қазақстандық екі боксшымен толықты. Олардың бірі - қызылордалық Рустам Сваев

ҚЫЗЫЛОРДА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Бүгін «Astana Arlans» командасының құрамы қазақстандық тағы екі боксшымен толықты.
None
None

Команданың жаңа мүшелерінің бірі ретінде қызылордалық Рустам Сваев аталды. Ол - еліміздің екі дүркін чемпионы, бір мәрте күміс жүлдегері, сондай-ақ Шохыр Бөлтекұлыны еске алуға арналған халықаралық беделді турнирдің жеңімпазы. Онымен бірге командаға қабылданған қостанайлық Самат Бәшенов - еліміздің жасөспірімдер арасындағы 2005 жылғы чемпионы, Азияның жасөспірімдер арасындағы 2006 жылғы чемпионы және ең үздік боксшысы, еліміздің ересектер арасындағы 2010 жылғы күміс, 2011 жылы қола жүлдегері. 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Жаңа жылдыңалдында «Astana Arlans» командасының мүшелері үйлеріне тарап кетті. Ал қаңтардың 3-і күні тағы да Астанада жиналады. Команда осында Бүкіләлемдік серияның ең принципті матчтарының бірі - 14 қаңтар күні АҚШ-тың «Los Angeles Matadors» клубы боксшыларымен өтетін жекпе-жектерге дайындалады. Осының алдында, қараша айының ортасында Мұхиттың арғы жағалауында өткен осы қарсыластардың бірінші кездесуінде АҚШ командасы 3:2 есебімен жеңіп кеткен еді.

Соңғы жаңалықтар