«Астана арландарының» ширек финалдағы қарсыластары анықталды
Жобаның жетінші маусымындағы ширек финалда «арландарымыз» ресейлік «Ресей патриоттары» командасымен кездеседі. Алғашқы айқас 11 мамырда Кемерово қаласында өтсе, екінші қарымта кездесу 20 мамырда Алматыдағы «Алматы - Арена» спорт кешенінде өтеді.
Отандастарымыз биылғы маусымның топтық кезеңінде «Ресей патриоттары» командаларымен екі рет айқасқан болатын. Мәскеуде болған біріншісінде «арландар» 3:2 есебімен басым түссе, Тараз төрінде өткен кездесуде 4:1 есебімен жеңді.
«Астана арландары» мен «Ресей патриоттары» командасы арасындағы жеңімпаз жартылай финалда «Италия Тандер» - «Колумбия Хероикос» жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Сонымен қатар биылғы маусымның ширек финалында «Өзбек жолбарыстары» «Куба қабыландарымен» кездессе, «Франс Файтинг Рустерс» мен «Бритиш Лайнхартс» және «Италия Тандер» мен «Колумбия Хероикос» жұптары күш сынасады.