Астана әуежайында ұшу-қону жолағының жөндеу жұмыстары аяқталды

АСТАНА. KAZINFORM – Астана халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағының жоспарлы жөндеу кезеңі толық аяқталды.

Самолеты Эйр Астана Аэропорт Астаны Ұшақ  Air Astana Астана әуежайы
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Әуежайдың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталып, аэродром инфрақұрылымының сенімділігін арттыру мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жөндеу кезеңінде сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін рейстерді қабылдауға уақытша шектеу қойылған. Соған қарамастан, әуежай барлық жоспарланған ұшуларды орындап, кестені бейімдеп, кешкі және түнгі рейстер санын арттырған.

Ведомствоның мәліметінше, жөндеу кезеңінде өндірістік көрсеткіштер тұрақты деңгейде сақталған.

– Жөндеу жұмыстарына байланысты рейстердің күшін жою жағдайы болған жоқ. Барлық ұшулар әуе компаниялар және аэронавигация қызметтерімен бірлесіп толық орындалды. 1 қарашадан бастап Астана әуежайы штаттық режимде жұмысын жалғастырады, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан әуежайларында шекаралық бақылаудан өту тәртібі бекітілді.

Соңғы жаңалықтар