«Астана-Бурабай» көлік жолының 197-ші шақырымында шағын автобус аударылды, зардап шеккендердің арасында Түркия азаматтары бар

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы «Астана-Бурабай» көлік жолының 197-ші шақырымында шағын автобус аударылды, зардап шеккендер бар,
None
None

деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

 Ақмола облысындағы «Астана-Бурабай» көлік жолының 197-ші шақырымында, «Бақыт» дәмханасы аумағында 15 қараша күні жүргізуші жолдың тайғақтығы салдарынан «Газель»  шағын жолаушылар автобусының бір жағына қарай  бүйірлей аударылуына жол берді.

 Жол апатынан Түркия азаматтары: 1964, 1967, 1972, 1958 1978 жылғы 5 жолаушы зардап шекті, олар медициналық көмек көрсетілген соң жіберілді. Қалған 7 жолаушы рейстік автобуспен әрі қарай жолға аттандырылды. Шағын автобус Астана қаласының әуежайынан Бурабай кентіне жол жүріп бара жатқан еді.

Соңғы жаңалықтар