Астана экономикалық форум аясында VI Инновациялық конгресс өтіп жатыр

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Елордада IV Астана экономикалық форумы аясында VI Инновациялық конгресс өтіп жатыр.
None
None

«Бағдарлама аясында (ҮИИД) бизнесті қолдаудың негізгі бағдарламаларының бірі иннновацияны дамыту мен экономиканың технологиялық қайта жаңғыруына көмектесу болып табылады. Ол ұлттық инновациялық жүйені құруға бағытталған, болашақта біздің экономикамызды бәсекеге қабілетті деңгейге жеткізу керек», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары- ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев.

Ә.Исекешев атап өткендей, Астана инновациялық конгрессі «қазақ инвесторларының өміріндегі ең мәні зор алаң болып табылады».

Конгресске АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Швейцария, Израиль, Түркия, Ресей, Оңтүстік Корея мен Қазақстаннан барлығы 300 әлемге танымал ғалымдар қатысуда.

Айта кетейік, Инновациялық конгресс аясында Ұлттық инновациялық қор әртүрлі алты компаниямен ынтымақтастық және өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қол қояды.

Соңғы жаңалықтар