12:26, 05 Шілде 2013 | GMT +5
Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы дүниежүзі конференциясы онлайн режімге қосылды
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - 1 шілдеден бастап VII Астана экономикалық форумы мен II Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияның виртуалды жобалары іске қосылды.
Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының тең төрағасы Серік Нөгербеков мәлім етті.
Оның хабарлауынша, аталған жобалар келесі жылғы 1 наурызға дейін жалғасатын болады. «Демек, VII Астана экономикалық форумы мен II Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияның ресми ашылуынан 10 ай бұрын біз «G-Global» негізінде өз жұмысымызды бастап отырмыз. Қазірдің VII Астана экономикалық форумының бағдарламасы әзірленіп, оның аясында өтетін 60-қа жуық іс-шаралар сайтқа шығарылды. Бұл жұмысты алдын ала бастаудың негізгі мақсаты - әлемдік қауымдастықтың ой-идеяларын көбірек жинау, дағдарыс мәселесін кеңінен талқылау», - дейді С.Нөгербеков.