14:50, 01 Мамыр 2013 | GMT +5
Астана экономикалық форумы соңғы 6 жылдың ішінде халықаралық деңгейдегі ірі шараға айналды - ҚР-ның Иорданиядағы елшісі
АСТАНА. 1 мамыр. ҚазАқпарат - 30 сәуірде Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Болат Сәрсенбаев Бейрутке іс-сапары барысында осы елдің бұрынғы Премьер-министрі, билеуші «Әл-Мұстақбаль» партиясының Парламенттегі фракциясының басшысы депутат Фуад Синьорамен кездесті.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Жүздесу барысында депутат Ф.Синьорамен VI Астана экономикалық форумына қатысу мәселесі талқыланды.
Қазақстан Елшісі Елбасының қамқорлығымен өтетін бұл Форум алты жылдың ішінде халықаралық деңгейдегі ірі шараға айналғанына назар аударды.
Ф.Синьора өз кезегінде 2011 жылғы 7-9 маусым аралығында VII Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына қатысқанын және сапар барысында ҚР Премьер-министрі мен Сыртқы істер министрімен кездесулерін жылы еске алды.
Соңғы уақытта Ливанның Қазақстанға деген қызығушылығының күрт өсуіне байланысты, ливандық саясаткер VI Астана экономикалық форумына және оның шеңберінде өтетін Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияға қатысатынын жеткізді.