«АСТАНА, ЭКСПО-2017» жобасын алға жылжыту мәреге шықты

АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Кеше Астанадағы «Риксос» қонақүйінде шетелдік дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен қабылдау өтті. Онда қонақтар Астана қаласының 2017 жылы ЭКСПО мамандандырылған көрмесін өткізуге өтінімін алға жылжыту барысымен таныстырылды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

22 қарашада Парижде Халықаралық көрме бюросының Бас ассамблеясында өтетін құпия дауыс беру қорытындысы бойынша ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыратын ел анықталады.

Табиғи ресурстарға бай Қазақстан еуразиялық құрлықтың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тұрақтылықты нығайту мен орнықты дамуға айтарлықтай үлесін қосып, күрделі экологиялық проблемалар алдында тұрған жаһан болашағына қамқорлық танытады.

Дипломатиялық корпус өкілдері алдында сөйлеген сөзінде СІМ-нің жауапты хатшысы, жобаның ұлттық үйлестірушісі Рәпіл Жошыбаев Астана кандидатурасын ұсынған сәттен бастап бірқатар елдермен ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді, ал жобаның өзі Халықаралық көрмелер бюросына мүше көптеген елдердің қолдауына ие болып, көңілдерінен шықты деп атап өтті. «Біз бірлесіп зор жұмыс атқардық. Бұл бізге одан да жақындасып, бір-бірімізді жақсырақ танып-білуге, достар мен әріптестер шеңберін кеңейтуге мүмкіндік берді. Лобби бойынша өткізілген шаралар аясында екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жөнінде маңызды келісімдерге қол жеткізілді, әлемнің 10 елімен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды», - деп атап өтті ұлттық үйлестіруші.

Сондай-ақ шараға қатысушылардың назарына биыл Канны қаласындағы жыл сайынғы халықаралық фестивальде екінші жүлделі орынға және «Күміс дельфин» марапатына ие болған «Astana EXPO 2017 - The Great Expectation of Kazakhstan» қазақстандық фильмі ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар