АСТАНА-ЭКСПО жобасын өткізу бойынша іс-шара қарқын алды

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Парижде Астананың «Болашақ энергиясы» тақырыбында Халықаралық ЭКСПО-2017  көрмесін өткізу құқығына ие болуға бағытталған іс-шараның аясында ҚР Елшілігімен ұйымдастырылған Халықаралық көрмелер бюросы мүше-мемлекеттер өкілдерінің достастық кездесуі өтті,
None
None

 деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров баламалы энергетиканы дамыту жөнінде сөз сөйледі. Қазақстандық «Жасыл көпір» бастамасы мен біздің мемлекетіміз бен халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерімен, атап айтқанда БҰҰ-ның 2012 жылды «Барлығы үшін энергетиканың халықаралық жылы» деп жариялағандығына баса назар аударылды. «Қазақстан таңдап алған «Болашақ энергиясы» тақырыбы біздің «жасыл» экономика бағытын ұстанатынымызды, энергетика саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталғанын білдіреді», - деді ол.

Шара аясында Н. Қаппаров және «ЭКСПО-2017» жобасының ұлттық үйлестірушісі, ҚР СІМ жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев Африка және Латын Америка мемлекеттері ХКБ жанындағы елшілермен және делегаттармен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Олар Қазақстанның экономикалық әлеуетін есепке ала отырып, энергетика және табиғатты қорғау саласын дамыту бойынша тәжірибеде ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін талқылады. Айта кеткен жөн, индустриялды дамыған, дамушы және аз дамыған мемлекеттермен әріптестікті кеңейту АСТАНА-ЭКСПО-2017 жобасының мақсатының бірі болып табылады.  Бұл ретте Юг-Юг векторына көңіл бөлінеді.

Елші Нұрлан Дәненов энергетика және экология, сондай-ақ масс-медиа саласында жұмыс істейтін дипломатиялық корпустың, еуропалық компаниялардың өкілдеріне қарата айта отырып, Астананың кандидатурасын таныстыру кезінен бастап ынтымақтастық жандандырылған мемлекеттердің ауқымы айтарлықтай кеңейгендігін атап өтті.

Парижде қазақстандық делегациясының сапары барысында Р. Жошыбаев пен Н. Дәненов ХКБ-ның бас хатшысы Висент Лосерталеспен кездесті. Олар алдағы уақытта өтетін 152-ші ұйым бас ассамблея сессиясының мәселелерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар