«Астана-Энергия» АҚ-ы табиғатқа 100 миллион теңгеге жуық залал келтірді - прокуратура

АСТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада өткен брифингте қалалық прокуратура қоршаған ортаны қорғау заңнамасын сақтау саласындағы тексерістерді жариялады.
None
None

Астана қаласы прокуратурасының бірінші басқарма бастығының орынбасары Әділ Оспанов биылғы жылдың басынан қала прокуратурасы бірқатар тексерістер жүргізгенін айтып өтті. «Су қорларын сақтау мен қолдануды реттеу бойынша Есіл бассейіндік инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне тексеру жүргізілді. Осының нәтижесі бойынша жоспарларды немқұрайды толтыру, жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырмау, сондай-ақ мекемеде сыбайлас жемқорлық заң бұзушылығы анықталды», деді. Ә. Оспановтың сөзіне қарағанда, осы кемшіліктердің нәтижесінде аталған мекеменің мемлекеттік бақылау және су қорын қорғау бөлімінің бастығы қызметінен босатылды.

«Сонымен қатар қала прокуратурасы елордадағы тіршілік етуді қамтамасыз ету нысандарында экологиялық талаптардың орындалуына назар аударды. Атап айтқанда «Астана-Энергия» АҚ-ның балансындағы ЖЭО-1 және ЖЭО-2 нысандары тексерілді. Тексеріс нәтижелері экологиялық заңнама талаптарының бұзылуын көрсетті»,-деді ол.

Оның айтуынша, бұл нысандар қоршаған ортаны ластағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, оны орындау өкілетті органға жіберілді. «Қоршаған ортаға келтірілген залал 95 миллион теңгеден асып отыр. Бүгінде бұл соманың 25 миллион теңгеге жуығы мемлекеттік бюджетке төленді»,-деді Ә. Оспанов.

Мұнымен қоса, «Астана Су Арнасы» МКК биылғы жылдың қаңтарында өзінің қызметін тиісті рұқсатсыз жүзеге асырған. Прокуратураның мәліметіне қарағанда сумен қамтамасыз ету мекемесі тарапынан табиғатқа 53 миллион теңге шығын келтірілген.

Соңғы жаңалықтар