19:41, 30 Шілде 2012 | GMT +5
Астана фотографтары Олимпиадаға қатысушы қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында «жіпке тізілген суреттер» көрмесін ұйымдастырады
АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Астана фотографтары Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына қатысушы қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында «жіпке тізілген суреттер» көрмесін ұйымдастыруда, деп хабарлады Аrtinfo.kz

Бұл - әуесқойлар мен кәсіби шеберлерді біріктіретін фотосуретшілердің көрмесі. Бірегей суреттер жіпке тізіледі. Қатысушыларға А4 форматында шығарылған суретпен келу қажет. Көрмеге бас сұққан кез келген адам өзіне ұнаған суретін алып кетіп, орнына өзі әкелген «туындыны» іліп кетсе болады, деп жазылған сайттағы ақпаратта.
«Сен де кел, елдің намысын қорғап жатқан спортшылармызды бірге қолдайық!» ,- делінген ұйымдастырушылардың үндеуінде.
Хабарланғандай, көрме Астанада 5 тамыз күні сағат 10.00-де, «Сары-Арқа» суда үйінің «Дастархан» шәйханасында өтеді.