«Астана» футбол клубында 16 жасында өнер көрсеткен Абзал Бейсебековтың рекордын 2 жылдан бері ешкім жаңарта алмай келеді

АЛМАТЫ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Астана» футбол клубының ең жас ойыншысы биылғы маусымда 19 жастағы Денис Прокопенко болды.
None
None

Астаналық футбол мектебінің тәрбиеленушісі алғашқы ойынын 25 тамызда Павлодардың «Ертіс» командасымен болған кездесуде өткізген болатын. Алаңға шыққан кезде өмірге келгеніне 19 жас 10 ай 20 күн болған Денис клубтың интернет сайтындағы мәлімет бойынша «Астана» тарихындағы ең жас 5 ойыншының қатарына енді. Бұл тізімді 2009 жылы 6 сәуірде 16 жас, 4 ай 7 күнінде өнер көрсеткен Абзал Бейсебеков бастап тұр. Одан кейінгі жоғары көрсеткішті 2010 жылы 22 наурызда Сергей Хижниченко (18 жас, 8 ай, 5 күн), 2009 жылғы 6 сәуірде Дамир Дәуітов (19 жас, 1 ай, 3 күн) пен 2011 жыл 6наурызда Заурбек Плиев (19 жас, 5 ай, 7 күн) жасаған болатын.

Ең ересек ойыншылардың рекорды да 2009 жылдан бері жаңартылған жоқ. 25 қазанда оны ресейлік легионер Андрей Тихонов (39 жас 9 күн) жасаған болатын. «Астана» клубының ең ересек ойыншыларының алғашқы бестігіне кіргендердің бәрі өз рекордын 2009 жылғы маусымда тіркеді. Оны Игорь Авдеев 2 қарашада (36 жас, 9 ай 23 күн), Александр Шатских 14 наурызда (36 жас, 1 ай 21 күн), Егор Титов 2 қарашада (33 жас, 5 ай, 4 күн), Данияр Хасенов 26 қарашада (33 жас 2 ай, 24 күн) орнатты.

Соңғы жаңалықтар