«Астана» футбол командасына ұлттық құраманың 4 ойыншысы қосылды

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - «Астана» футбол командасының құрамына 4 жаңа ойыншы қосылды.
None
None

Қорғаушы Мұхтар Мұхтаров, жартылай қорғаушы Ұлан Қонысбаев, шабуылшылар Сергей Гридин мен Сергей Остапенко жаңа маусымды «Астана» құрамында бастайтын болды, деп хабарлайды sports.kz сайты.

 Клуб аталмыш футболшылармен жақын арада келісімшарт жасаспақ. Әзірше футболшылар командамен бірге Турцияда оқу-жаттығу жиындарында жүр. Олардың жаңа жаттықтырушылары Олег Потасов командамен танысу үстінде.  

 Еске сала кетейік, Мұхтар Мұхтаров өткен маусымда «Ордабасы» командасында өнер көрсетіп, оның сапында Қазақстан Кубогін жеңіп алды. Ұлан Қонысбаев «Шахтермен» бірге ел чемпионы атанды, Сергей Остапенко «Жетісу» командасының құрамында ел біріншілігінің күміс жүлдесіне ие болса, Сергей Гридин «Тобыл» құрамында жүріп, Қазақстан Кубогінің ақтық сынына шықты.

 Барлық ойыншылардың ұлттық құрамада тәжірибелері бар. Гридин мен Қонысбаев ұлттық құрамаға тек өткен жылы келді. Мұхтаров елдің бас командасына 5 жыл үзіліс жасап, қайта оралды. Ал Остапенко 2007 жылы алғаш рет қосылған болатын.  

Соңғы жаңалықтар