Астана ІІД: Өгей әкесіне пышақ салып өлтірді, бұл қылмыстың ізі суымай ашылды

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Астана қаласы ІІД-нің тергеу бойынша басқармасының қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай ашты,
None
None

деп хабарлайды астаналық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Астана қаласының ішкі істер департаментіне тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген астаналық тергеу бойынша басқармасының жедел қызметкерлері өлтірілген 1958 жылғы ер адамның осында әйелімен және өгей баласымен тұрғандығын анықтады. Өгей әкесі мен ұлы спирттік ішімдіктерді ішу кезінде олардың арасында жанжал туындаған. Өгей ұл анасымен бірге тұратын адамның кеудесіне пышақ салған.

Қазіргі кезде ол ұсталып, Астана қаласы ІІД-нің уақытша қамау абақтысына отырғызылды. Сұрау кезінде  қылмыс жасағанын мойындады. Бұл оқиға ҚР ҚК-нің 96-бабы бойынша қылмыстық іс ашылды. Тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар