«Astana invest-2011» форумы аясында жалпы құны 2,5 млрд. доллардан асатын құжаттарға қол қойылды

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін «Astana invest-2011» инвестициялық форумы аясында Астана әкімдігі мен бірқатар шетелдік компаниялардың арасында 12 құжатқа қол қойылды.
None
None

Аталған құжаттарды рәсімдеу шарасына елорда әкімдігі тарапынан Астана қаласы әкімінің орынбасарлары Е.Қожағапанов, А.Балаева және В.Крылов, ал келесі тараптан шетелдік компаниялардың басшылары қатысты.
Олардың қатарында болат құбырлар шығаратын зауыттың құрылысы туралы инвестициялық келісім, мұражайлық франчайзингті пайдалана отырып, Астанада халықаралық мұражай салу, индустриялық бағыт аясындағы құрылыс, KAHel Astana тікұшақ құрастыру зауытының құрылысы туралы меморандумдар бар.

Жалпы бүгінгі инвестициялық форум аясында қол қойылған құжаттардың жалпы құны 2,5 млрд. АҚШ долларынан асады.

Соңғы жаңалықтар