"Астана-Исламабад" авиақатынасын ашу мәселесі пысықталуда - Көлік және коммуникация министрлігі

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мохаммед Ахтар Туфаильмен кездесу өткізді, деп хабарлады ҚР ККМ баспасөз қызметі.
None
None

Кездесудің басында Б.Камалиев елшіні Пәкістанның Премьер-Министрі Юсуф Реза Гиланидің Қазақстандағы ресми сапары табысты өтуімен құттықтады және бұл сапар екі ел арасындағы жемісті және өзара тиімді әріптестікті дамытуға жаңа оң серпін беретінін атап көрсетті.

Министр Б.Камалиев Пәкістан Премьер-Министрі Юсуф Реза Гиланидің ресми сапары барысында көлік мәселелері белсенді талқыланғанын еске салды. Осыған байланысты министрліктің құрылымдық бөлімшелері екіжақты ынтмақтастықты дамыту шараларын жасауда нақты жұмыстар жүргізуде. Атап айтқанда, азаматтық авиация саласында «Астана-Исламабад» авиақатынасын ашу мәселесі пысықталуда. Бұл үшін бүгінгі таңда тікелей авиақатынасты ашуға құқықтық база жасалған - әуе қатынасы туралы келісімге қол қойылды. Автокөлік саласындағы ынтымақтастық Қазақстан, Пәкістан, Қырғызстан және Қытай арасындағы транзиттік тасымал туралы төртжақты келісім ауқымында жүзеге асырылуда.

Теміржол көлігі саласында «Өзен-Түрікменстан шекарасы-Бендер-Аббас-Карачи» және «Исламабад-Ыстамбұл» жобаларының ауқымында Қазақстан мен Пәкістан арасында теміржол желісін салу мәселелері талқыланбақ.

Қазақстанның көік ведомствосының басшысы пәкістандық тарапты 2011 жылғы 10-11 қарашада Астанада өтетін «ТРАНСЕУРАЗИЯ-2011» халықаралық конференциясының жұмысына қатысуға шақырды.

Өз кезегінде ПИР-дің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мохаммад Ахтар Туфаиль пәкістан тарабы Қазақстанмен өзара тиімді көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытуға маңыз беретінін атап өтті. Атап айтқанда, Пәкістан «Исламабад-Кабул-Алматы-Үрімші», «Исламабад-Кабул-Астана» авиарейстерін ашуға мүдделі. Бұдан басқа елші Пәкістан Түркиямен теміржол қатынасын салып жатқанын айтты.

Кездесу қорытындысында тараптар барлық мәселелерді екі елдің көлік ведомстволары басшыларының жақын арада болатын кездесуінде талқылауға уағдаласты, сондай-ақ Қазақстан мен Пәкістан екі ел арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыратынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар