Астана қаласы «Жол картасы» бойынша бөлінген 10 миллиард теңгенің 8 миллиардын игерді - И.Тасмағамбетов

АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «Жол картасы» бағдарламасы бойынша Астана қаласына бөлінген 10 миллиард теңгенің 8 миллиарды игерілді. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының елордалық филиалында партияның Халықтық тұғырнамасының, «Жол картасы» мен «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламаларының орындалуы барысы туралы есеп берген Астана қаласының басшысы Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жол картасы» бойынша бөлінген 10 миллиард теңгеге 116 жоба әзірленіп, бүгінде оның 101-і жүзеге асырылды. Негізінен бұл - инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды жөндеу және дамыту, әлеуметтік нысандарды жөндеу және жылылау, жолдарды қайта жөндеу және салу, әлеуметтік және жастарға практикалық  жұмыс орындарын құру мен мамандарды қайта оқыту», - деп атап өтті И.Тасмағамбетов.

Әкімнің айтуынша, бүгінгі күні бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражаттың 8 миллиард теңгеден астамы игерілген және 4 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылған. Қалған соманы келесі жылы игеру көзделіп отыр. 

 «Келер жылы аталмыш бағдарламаны ары қарай жүзеге асыруға  5 миллиардтан астам теңге бөлінеді деп күтілуде. Оған қазіргі жобалардан бөлек, қаланы абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Біз тағы 3 мың адамды жұмыспен қамтасыз етуге мүмкіндік беретін жобаларды айқындап та қойдық», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар