Астана қаласында «ЭКСПО-2017» өткізілуі мүмкін
Онымен бірге Астанаға Халықаралық көрмелер бойынша үйлестіруші А.Ангель мен Астана қаласының атынан «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге өтініш жасауда қазақстандық тараптың бас кеңесшісі Х.Корреас та бар.
Осы мәртебелі қонақтардың елордаға сапарының мақсаты - Астана қаласында «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу туралы ниетінің шын екендігіне көз жеткізу.
Кездесу барысында, Лоссерталес атап өткендей, жалпы алғанда ҚР Үкіметінің Астана қаласының «ЭКСПО-2017» өткізуге бағытталған өтінішті дайындау кезіндегі ұйымдастырушылық шараларына көңілі толатынын атап өтті. Өз кезегінде ол, МБВ мүше елдерінің дауыстарының елеулі бөлігін жинап алу, Астананы халықаралық тұрғыда жариялау үшін нақты жүйені құру қажеттілігін атап өтті.
Ол атап өткендей, Астананың өтінішті ұсынуы Қазақстанның барлық қоғамын біріктірген өзіндік ұлттық идея іспеттес.
Тараптар өтінішті дайындауда Астана, Эдмонтон мен Льежаның бәсекелестік басымдықтарын ескере отырып, жасаудың ықтимал сценарийін талқылады.