Астана қаласында прокурорлардың халықаралық қауымдастығының алтыншы аймақтық конференциясы өтеді

АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2011 жылдың 5-6 қазанында Астана қаласында Орталық, Шығыс Еуропа және Орта Азия елдері үшін «Прокуратураның қылмыстық-құқықтық саладан тыс заңдылықты қамтамасыз етудегі рөлі» тақырыбындағы прокурорлардың халықаралық қауымдастығының алтыншы аймақтық конференциясы өтеді.
None
None

Жиналысқа 43 елдің бас прокуратураларының делегациялары және БҰҰ, ЕҚЫҰ, Евроюст және басқа да беделді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Қазақстан 1995 жылдан бері мүшесі болып табылатын Прокурорлардың халықаралық қауымдастығы 140 елдің прокурорларын біріктіреді. Бірлестік заң үстемдігін, адам құқықтарын құрметтеу, құқықтық реформалардың жобаларын жүзеге асыру, трансұлттық қылмыстылықпен күресудегі халықаралық ынтымақтастықты орнату идеяларын белсенді түрде көтеруде.

Осы іс-шара аясында заңдардың қоғам мүддесі үшін орындалуын, қоғамдық қауіпсіздікті, діни сенім бостандығын, ұлтаралық татулықты қамтамасыз ету азаматтардың, балалардың және адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғау және басқа мәселелердегі бақылау органдарының рөлін талқылау жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар