Астана қаласының аймақтық технопаркі жыл сайын 250 млн. теңгенің жобасын мақұлдайды

Оның жалпы сомасы 650 млн. (4 млн. доллар) теңгені құрайды.
Бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ-ның басқарушы директоры - аймақтармен және инноваторлармен жұмыс жөніндегі орталықтың директоры Гүлнар Есенғазина осылай айтты.
Оның айтуынша, бүгінде жыл сайын бір жобаға жұмсалатын қаржының көлемі өсіп келеді. Мәселен, 2010 жылы бір жобаға 4,2 млн. теңге бөлінсе, 2011 жылда ол көрсеткіш 6,1 млн.-ға жетті. Ал 2012 жылы 12 млн.-ға дейін көтерілді. Биыл әрбір жобаға 14 млн.-ға жуық қаржы бөлініп отыр. «Технологиялық бизнес-инкубациялаудың мемлекеттік бағдарламасында қаржы бар. Ол 2020 жылға дейін есептелген. Әр жылға 250 млн. теңгеден келеді. Осы уақытқа дейін шамамен 300 жобаны мақұлдауымыз қажет», - деп атап көрсетті Г.Есенғазина.
Айта кетейік, технологиялық бизнес-инкубациялаудың мемлекеттік бағдарламасы 2010 жылдан бастап қолға алынды. Оның әкімшісі - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, ал операторы - ҚР Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі.