Астана қаласының филармониясы «Өнер әлемі» атты есептік концертін береді

АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Ертең, 6 қаңтар күні Астана қалалық мемлекеттік филармониясының шығармашылық ұжымдары мен әншілерінің «Өнер әлемі» атты есеп беру концерті өтеді.
None
None

Көрермендерге тегін қойылатын мәдени іс-шара барысында шығармашылық ұжымдар мен әншілердің репертуарындағы үздік туындылар орындалады. Астана қалалық мемлекеттік филармониясының шығармашылық ұжымдары құрамына - Қазақ халық аспаптары оркестрі, Симфониялық оркестр, Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті, «Академия солистері» камералық оркестрі, «Сарыарқа» ұлттық аспаптар ансамблі, Үрмелі аспаптар оркестрі, Музыкалық-шығармашылық бөлім, Классикалық және эстрадалық вокал бөлімі, Дәстүрлі ән бөлімі, «Шалқыма» халық биі ансамблі, Камералық хор, Үрмелі ағаш аспаптары квинтеті, «Арман» вокалды-аспапты ансамблі кіреді.

Елорданың мәдени келбетін қалыптастыруда Астана қалалық мемлекеттік филармониясының қосып отырған үлесі сүбелі. Ел астанасы ауыстырылған 1997 жылдан бастап қалалық филармония өз жұмысын қарқындата түсті. Бүгінгі таңда елорданың жетекші өнер ұжымына айналған Мемлекеттік филармония - мәдени-ағартушылық мекемелердің бірі әрі бірегейі. Концерттік бірлестікте мәдени әрі рухани-ағартушылық миссияны атқарып келе жатқан 500-ден астам кәсіби музыкант еңбек етеді.

Соңғы жаңалықтар