Астана қаласының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы - EFQM сертификатына ие болды

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астана қаласының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы Еуропалық сапа менеджменті қорының (EFQM) «Мінсіздікті мойындау» сертификатына ие болды.
None
None

Ол елордалықтарға Еуропада таралған қалалық туризм және спорт басқармаларының сапа стандартына сәйкестігі үшін беріліп отыр. EFQM мүшелері қарашаның аяқ шені мен желтоқсанның басында бірнеше күн бойы астаналық басқарманың сапа менеджментін 9 өлшем бойынша бағалаған болатын. Қазіргі таңда елордада спорттың 103 түрі тараған. Оның 33-і Олипиада ойындарының бағдарламасына кірген спорттық ойындар. Спортпен шұғылданатындар саны 147 мыңнан астам адамды немесе қала тұрғындарының 21 пайызын құрайды. Ұлттық құрама ойыншыларының 14 пайызы (756 спортшы) Астана тұрғындары. Елордалықтар биыл спорттың 46 түрі бойынша өткен ҚР Жазғы спартакиадасында үздік үштіктің қатарына енді.

Соңғы жаңалықтар