«Астана» клубы - бас қаламыздағы салауатты өмір салтының символы - Елбасы
«Дамудың даңғыл жолына түскен елімізде халықтың әл-ауқаты жылдан-жылға артып келеді. Біз спорттың барлық түрін жан-жақты дамытуға бел буып отырмыз», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президентінің атап өтуінше, әсіресе бұқаралық спорт түрлерін ілгерлету мемлекеттің басты назарында болады. Бүгінгі шараны мемлекеттің осы салаға қамқорлығы деп білген жөн.
Жалпы Елбасының пайымынша, «Астана» клубының атауы елордамен аттас болуы бекер емес. Бұл бас қаламыздағы салауатты өмір салтының символы десе де болады.
«Қазақстан 2050» Стратегиясында табысты болашағымыздың негізі ұлттың денсаулығымен байланыстырылатындығын айта келе: «Біздің бұл жобамыз әлемнің жетекші сарапшыларынан қолдау тапты. Болашақта олардың барлығымен әріптестік қарым-қатынас жасайтын болады», - деді Н. Назарбаев.