Астана-Көкшетау-Петропавл автожолында көлік қозғалысы ашық

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы аумағында Астана-Көкшетау-Петропавл бағытындағы транзиттік дәлізде қайта құру жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Астана - Петропавл автожолының жалпы ұзындығы 489 шақырымды құрайды. Бірінші Астана - Щучинск бөлігі (211 шақырым) 2009 жылы қолданысқа берілді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің  хабарлауынша, қазіргі уақытта 189 шақырымға созылған Көкшетаудан Петропавлға дейін аралықтың қалпына келтіру жұмыстары аяқталуда. Жолдың асфальтбетонды қоспасын төсеу бойынша негізгі жұмыстары жасалды. Жабдықтау және жарықтандыру бойынша жұмыстар бітуге жақын.

Қазіргі кезде жаңадан салынған Көкшетау қаласынан Петропавлға дейінгі жолда көлік қозғалысы ашылды. Жол I және II техникалық санаттағы параметрлерге сай салынған, Көкшетау қаласының маңындағы көлік қозғалысы 4 жолақ бойынша жүзеге асырылады, одан әрі екі жолақ бойынша болады.

Осылайша, Астана - Петропавл бағытындағы бүкіл дәліз бойынша ыңғайлы және апатсыз жүру қамтамасыз етілген.

2017-2019 жылдары «Петропавл қаласы айналма жолы» арқылы өтетін Петропавл - Курган (Ресей Федерациясы) бағытының 60 шақырымға созылған бөлігінде қалпына келтіру жұмыстары жоспарлануда.

Астана - Петропавл - Ресей Федерациясы автожолының қайта жаңартылуы тасжолдың көлік өткізу жылдамдығын арттырады, жол көлігі үшін қолайлы жағдайлар жасайды, трансшекаралық бағыттар бойынша жолаушылар мен жүктерді жеткізу жылдамдығын арттыруға жағдай туғызады.

Сонымен бірге, жылдың қорытындысы бойынша Алматы - Қапшағай, Астана - Теміртау және Ақтау - Бейнеу автожолдарында көлік қозғалысы ашылады. Қостанайдағы Тобыл өзені және Павлодар облысындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпірлер қолданысқа беріледі. Сондай-ақ, Астана - Павлодар автожолының 200 шақырымында көлік қозғалысы ашылады.

 

Соңғы жаңалықтар