Астана көрермендері итальяндық хореограф қойылымындағы «Сильфида» балетін тамашалай алады

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - 5-6 мамырда Астанада Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында Херман Левенсхольдтың музыкасына қойылған Август Бурнонвильдің «Сильфида» романтикалық балетінің премьералық қойылымы өтеді,
None
None

деп хабарлады Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметінен.

Белгілі балеттің қойылымын итальяндық өнер тобы іс жүзіне асыруда. Қоюшы хореограф - Рим би Академиясының ректоры Маргерита Паррилла, балетмейстердің ассистенті - Массимилиано Скардакки, қоюшы суретші - Ева Коен.

Атақты даниялық биші әрі балетмейстер Август Бурнонвиль әлемдік хореография тарихында балет саласының қайраткері ретінде жазушыларға табыс етілетін әдебиет саласындағы ең беделді сыйлықтың жалғыз иегері болып саналады. Ол өзі дүниеге әкелген «Сильфида» балетіне Данияның жас композиторы Херман Левенсхольдқа музыка жазуға тапсырма береді. Сөйтіп романтикалық сарындағы махаббат жайлы сыр шертетін балет дүниеге келеді.

Соңғы жаңалықтар