14:50, 24 Қараша 2011 | GMT +5
Астана мен Алматы қалаларының депутаттығына кандидат азаматтың үгіт-насихат жұмыстары мен көлік шығындарына 249 мың теңге қаржы бөлінетін болды - ОСК
ТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының депутаттығына кандидат ретінде тіркелген әрбір азаматтың үгіт-насихат жұмыстары мен көлік шығындарына 249 мың теңге көлемінде қаржы бөледі.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында осындай қаулы қабылданды.
Сондай-ақ аталмыш қаулы талаптары бойынша, қалалық және аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидат ретінде тіркелген азаматтарға 179 мың теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Бұған қоса мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркелген әрбір азамат үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін өзінің сайлау қорын аша алады.