Астана мен Бурабай аралығында көлік қозғалысы толық жанданған жоқ

АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Боран салдарынан Ақмола облысының аумағында жол учаскелері жабық. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Ақмола облысында автокөліктің барлық түрлері үшін 8 наурыздан бері мына жолдарда қозғалыс шектелді:

«Астана-Петропавл» жолының 18-252 шақырымындағы Астана қаласы-Щучинск аралығы;

«Щучинск-Зеренді» жолының 0-80 шақырымы аралығы.

Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына (қар көшкіні) байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін «Өскемен-Зырян-Рахман қайнарлары» 422-450 шақырымындағы Берел-Рахман қайнарлары аралығында жол жабық.

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.

Соңғы жаңалықтар