Астана мен Финляндияның Оулу қаласы бауырлас қалаларға айналды
Атап айтқанда, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров пен Финляндия Республикасының жұмыспен қамту және экономика министрі Ян Вапаавуори ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен ФР Жұмыспен қамту және экономика министрлігі арасындағы таза технология және жасыл экономиканы дамыту мақсатындағы ынтымақтастық жөніндегі іс-қимыл жоспарына қол қойды.
Ал ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов пен Финляндияның Қазақстандағы Елшісі Микко Киннунен 2009 жылғы 24 наурызда Хельсинки қаласында қол қойылған ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ФР Білім министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес хаттама іс-әрекеттер жоспарын рәсімдеді.
Сонымен қатар Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Финляндияның Оулу қаласының мэрі Матти
Пеннанен Астана қаласы мен Оулу қаласы арасындағы бауырлас қатынастарды орнату туралы меморандумға қол қойды.