Астана мен Париж арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселесі қаралады

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстан мен Франция Астана мен Париж арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселесін қарайды. Бұл туралы бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев пен Францияның көлік жөніндегі мемлекеттік хатшысы Тьерри Марианмен арадағы кездесу барысында белгілі болды.
None
None

Б.Камалиевтің атап өтуінше, қазіргі уақытта елімізде 20 әуежай бар, оның 15-і халқаралық ынтымақтастықта жұмыс істейді. Халықаралық әуе көлігі қарым-қатынасы жандану үстінде. «Менің ойымша, Қазақстан мен Франция арасындағы әуе қатынасын жандандыруға мүдделік бар. Бізге жылына 5 мыңнан астам француздық азамат келеді, қазақстандықтар Францияға үш есе көп барады. Меніңше, Астана мен Париж арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселесін қарау өзекті», - деді ол.

Дегенмен, министрдің атап өтуінше, «Эйр Астана» компаниясының Еуропаға жаңа әуе қатынасын ашуға мүмкіндігі жоқ. Өйткені Еурокомиссия тарапынан компанияның әуе рейстерін кеңейтуге шектеу қойылған. Осы орайда Б.Камалиев француздық әріптесінен Еурокомиссия тарапынан енгізілген шектеуді еңсеруге қол ұшын беруді өтінді.

Өз кезегінде Тьерри Мариан Франция тарабының бұл мәселелерді шешуге көмектесуге дайын екендігін білдірді.

Соңғы жаңалықтар