11:56, 15 Қазан 2016 | GMT +5
«Астана-Петропавл» жолының бойында соқтығысқан екі көлік өртеніп кетті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Астана-Петропавл» тас жолының бойында жол апаты орын алып, 4 адам зардап шекті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазавтожол» РМК кезекшілік бөлімінің мəліметі бойынша жол апаты бүгін таңертең сағат 09:40 шамасында «Астана-Петропавл» тас жолының 272 шақырымында, яғни, Бурабай ауданы Кенесары ауылының маңында орын алған.
«Тoyota Land Kruiser» жəне «Toyota Previa» минивені соқтығысқан. Осының салдарынан екі көлікте өрт шығып, қатты соққыдан төрт адам зардап шекті. Абырой болғанда мерт болғандар жоқ. Зардап шеккендер Көкшетаудағы Ақмола облыстық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде оқиға орнында жол патрульдік полициясының қызметкерлері жұмыс істеуде», деп атап өтті «Қазавтожол» РМК кезекшілік бөлімінен.
Аталмыш оқыс оқиғаның видеосы Инстаграмда жарияланды.
Крупное ДТП с пожаром на трассе Астана - Бурабай.
Соңғы жаңалықтар