Астана түбіндегі құс фабрикасы жылына 20 мың тонна өнім шығаратын болады
Қазіргі кезде кәсіпорынның барлық нысандарында жетекші еуропалық өндірушілердің жабдықтары монтаждалуда. Инвестиция сомасы 12 миллиард теңгені құрайды. Кәсіпорында жылына 20 мың тонна өнім шығару жоспарлануда.
Қазақстанда өнеркәсіптік құс өсіру қазіргі кезде мал шаруашылығының неғұрлым дамыған салаларының бірі болып отыр. Бұл салада 59 құс фабрикалары бар, олардың 21-і - бройлерлік ет өндіретін құс шаруашылығы, 33-і - жұмыртқа өндіру бағытында және бес кәсіпорын құрама бағыттарда.
Республикада құс етін өндіру көлемі жаңа өндірістік қуаттарды іске қосу және құс шаруашылығы кәсіпорындарында өндірісті өрістету есебінен бірте-бірте ұлғайып келеді, делінген хабарламада.
2013 жылы құс еті өндірісі он пайыздан астамға өсіп, 128,3 мың тоннаны құрады. Бұған жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жәрдемдесті. Соңғы бес жылда Қазақстанда еттік бағыттағы бес жаңа құс фабрикалары іске қосылды. Сөйтіп, импорттық өнімдер үлесін 70 пайыздан 55 пайызға дейін қысқартуға қол жеткізілді.