Астана тұрғындары миллионға жетті деп ойлаймын - Н. Назарбаев

АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының пайымынша, Астана тұрғындары 1 миллионға жетті. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 15 жылдығына арналған салтанатты жиында осылай айтты.
None
None

«Соңғы 15 жылда еліміздің жалпы ішкі өнімінде Астананың үлесі 45 есе өсті. Тек 2009-2012 жылдары аралығында елордада жыл сайын орта есеппен 17-18 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Астана тұрғындарының орташа жалақысы 10 есе өсіп, 140 мың теңгеге жетті. Елорда болашақтың, жастардың қаласы»,-деді Президент.

Мемлекет басшысы бүгінде бас қалада халықаралық білім ошақтары, зияткерлік мектептер бой көтергенін атап өтті.

«Егер 1998 жылы Астанада небәрі 200 мың тұрғыны болса, бүгінде ол 4 есеге өсіп, 800 мыңнан асты. Жалпы есеп бойынша 1 миллионға жеткен шығар деп ойлаймын»,-деп тоқталды Елбасы.

Соңғы жаңалықтар