19:51, 30 Наурыз 2010 | GMT +5
Астана үшін алдағы онжылдықтың маңызды міндеттері халықтың әл-ауқатын көтеру болмақ - шетелдік БАҚ
АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан экономикасы көтеріліп келеді, енді Президент Нұрсұлтан Назарбаев орталықазиялық мемлекеттің алдына бірқатар өрелі міндеттер қойды. Бұл туралы ресейлік «Eurasianet».порталының мақаласында айтылған.
Онда Н.Назарбаевтың «Алда тұрған онжылдықтың аса маңызды міндеті - Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғалуды нығайту», - деген сөздері келтірілген.
Мақалада Президенттің биылғы Жолдауы, ең алдымен, 2020 жылға дейін экономиканы әртараптандыру міндеттеріне арналғаны атап өтілген.