«Астана-Жылутранзит» биыл тозған жылу желiлерiн 58%-ға азайтпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданы жылумен қамтып отырған "Астана-Жылутранзит" АҚ өзiнiң инвестициялық бағдарламасы арқылы Астана қаласындағы тозығы жеткен жылу желiлерiн жаңартуда. 2015 жылдың қазан айына дейiн мекеме елордадағы тозған жылу құбырларының пайызын 58%-ға дейiн азайтпақ.
None
None

Бұл туралы бүгiн БАҚ өкiлдерiне арналған баспасөз туры барысында "Астана-Жылутранзит" АҚ өндiрiстiк қызметiнiң басшысы Мәжит Шанаев мәлiм еттi

"Астана-Жылутранзит" мекемесi инвестициялық бағдарламаның аясында магистральдi жылу желiлерiн ауыстырады. Үш жылға арналған инвестициялық бағдарламаның аясында ұзындығы 425 метр болатын "М1" магистралi, ұзындығы 1553 метрлік "ТМ-11" магистралi жаңартылды. Астана қаласындағы жылу желiлерiнiң жалпы ұзындығы (2015 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша - ред) 571 шақырымды құрайды",- дей келе М.Шанаев бұның iшiнде 198 шақырымы магистральдi желi екенiн атап өттi.

"Астана-Жылутранзит" АҚ жалпы үш жылға арнап 3 457 544 мың теңге көлемiнде инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырып жатыр. 2013 жылы басталған бағдарламаның алғашқы жылында 1 006 319 мың теңгеге, 2014 жылы - 1 240 818 мың теңгеге жылу желiлерi жаңартылып, озық құрал-жабдықтар алынған.

"Дәл бүгiнгi жағдайда сәйкес, Астана қаласы бойынша жылу желiлерiнiң 59,2% тозған. Бiз инвестициялылық бағдарламаның аясында жаңартып жатқан жылу желiлерiн сапалы әрi ұзақ жылдарға шыдайтындай етiп төсеп жатырмыз. Жаңартылған жылу желiлерiн дұрыстап монтаждаса, шамамен 20-25 жылға жетедi", - деп түсiндiрдi ол.

Жалпы, "Астана-ЖылуТранзит"-тiң мамандары түсiндiргендей, Астана - тозған жылу желiлерi ең аз қала. Әрi жоғарыда айтқан жыл сайынғы жылу желiлерiн жаңарту 1%-дық жаңарту отырып, оның көлемі мен қиындығы тұрғысынан қарағанда - өте жақсы көрсеткiш.

Бүгiн бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басын қосып, баспасөз турын ұйымдастырған "Астана-Жылутранзит" - Астана қаласын жылумен қамтып отырған монополиялық субъект болып саналады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум