10:11, 10 Қаңтар 2012 | GMT +5
Астанада 10 қабатты тұрғын үйде өрт болды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Астанада лифті кабинасының өртенуі салдарынан Абылайхан көшесі 36 мекен-жайында орналасқан 10 қабатты тұрғын үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді,
деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Өрт бүгін 03.58 сағат шамасында тұтанған. Тілсіз жауды ауыздықтауға Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 20 қызметкері мен 6 техника жұмылдырылды. Өрт 50 минуттан соң толығымен жойылды. Тұтанған тілсіз жаумен күресу кезінде тұрғын үйдің 47 тұрғыны көшірілді. Олардың 15-і - балалар. 3 адам құтқарылды.