Астанада «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға өзгертулер енгізу мәселесі бойынша жиналыс өтеді

СТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат - Наурыздың 2-сі күні «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында Жолдау жүктеген міндеттер аясында «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе бойынша партия фракциясының кеңейтілген мәжілісі өтеді.
None
None

Партияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, кеңес жұмысына «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин, Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов, Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдері, бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары қатысады.

Қаралатын мәселе бойынша Премьер-Министр Кәрім Мәсімов пен Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко баяндама жасайды деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар