Астанада 21 мыңнан астам адам мемлекеттік баспана кезегінде тұр

  АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 21 279 адам Мемлекеттік қордан баспана алуға мұқтаж азаматтар кезегінде тұр.
None
None

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, кезек тізімінде 6 Ұлы Отан соғысының мүгедегі мен қатысушылары, 11 314 халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары, 9940 мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеме және әскери қызметкерлер, ҚР заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша жалғыз баспанасы апаттық жағдайда деп танылған 19 азамат бар.      

 Баспасөз қызметінің хабарлағанындай, елордада биыл 400-ден астам азамат пәтер кілттерін алды.

Соңғы жаңалықтар