Астанада 51 аула жөндеуден өткізілді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жол картасы» бағдарламасы аясында биыл біздің ауданда 51 аула абаттандырылды. Келесі жылы қарастырылған қаражаттың көлеміне байланысты бұл жұмыс жалғасын тауып, аулалардың кешенді немесе жартылай жөнделуі көзделеді», дейді Б. Ахметжанов.
«Жол картасы» бойынша осы мақсатқа 423 993 мың теңге ақша бөлінген. Ішкі орамаралық аумақтарында аула балаларына арналған спорт, ойын алаңдары орнатылып, тротуарларға жол төселген. Жол жиектері мен қоршаулар, жарық және қоқыс жәшіктері, жаңартылды.
Б. Ахметжановтың айтуынша, мердігерлердің атқарған жұмысының сапасы жіті бақылауда болды, әрбір ауланың абаттандырылуы аумақтың жеке жобалық талаптарына сәйкес орындалды. Сонымен қатар азаматтардың өтініш-тілектері де ескерусіз қалған жоқ.