Астанада Ә. Таразидің кітап көрмесі ашылды

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астанада ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы, кинодраматург Әкім Таразидің «Таразының екі басын тең ұстайтын Тарази» атты кітап көрмесі ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңашыл қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік тұлғалардың бірі - ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы, кинодраматург Әкім Тарази. Ол «Тасжарған» романымен халықтың зор ықыласына бөленіп, өзіндік қолтаңбасымен дараланды. Қаламдастарының арасында жаңа заман кейіпкерінің бейнесін шебер суреттей біліп, «Кен», «Жаза», «Бұлтқа салған ұясын», «Жаңбырлы түндер» т. б роман-повестілерімен, «Жолы болғыш жігіт», «Жәке-Жәкетай», «Жақсы кісі» басқа да пьесаларымен, «Соқ, барабан», «Көкжиекке кеткен із», «Қараш-қараш оқиғасы», «Мұстафа Шоқай» фильмдерімен көпшіліктің көңілінен шыққан.

«Жарты ғасыр бойы халқын шығармашылығымен сусындатқан Әкім ағаның кітап көрмесінің тұсауын кескелі отырмыз. Әкім Таразидің шығармалары: романдары, повестері, әңгімелері, киносценарийлері қазақ әдебиетінің мол қазынасын толықтырды. Енді жазушының еңбектерін қала студенттері, жоғары және орта білім беру мекемелерінің мұғалімдері, оқушылары көріп, таныса алады. Бұдан бұрын Әбіш ағамыз бен Фариза апамыздың мерейтойына арналған бір айлық көрмеміз өтіп еді», дейді ҚР ҰАК бас директоры, жазушы, драматург Рахымжан Отарбаев.

Көрмеде Ә. Таразидің өмірбаянын айшықтайтын хаттар, фотосуреттер, жеке мұрасындағы құжаттар, кітаптары, газет-журнал беттеріндегі жарияланымдары қойылған.

Соңғы жаңалықтар