Астанада Ақтөбе облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таңертеңнен бері «Мега» СОСО-ның алдында Ақтөбе облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. Облыстың 12 ауданы мен Ақтөбе қаласының 120-дан астам тауар өндірушісі мен өңдеу кәсіпорындары елорда тұрғындары мен қонақтарына өз өнімдерін ұсынды.
None
None

«Біз елордаға ет, балық, картоп, көкөністер, сүт өнімдерін, жұмыртқа, шұжық, өсімдік майы, яғни біздің кәсіпкерлеріміздің өндіріп, шығарып отырған барлығын әкелдік. Бұдан басқа, бекіре тұқымдарының тірі балықтары мен аймақта өнеркәсіптік көлемде өсіріліп отырған таңқурай жидегі және одан жасалған тосапты әкелдік. Жеткізілген өнімнің жалпы көлемі 150 тонна, ол 71,8 млн. теңгені құрайды. Өнімдеріміздің бағасы Астанадағы базарлардан 10-15 пайызға төмен», - деп баяндады Ақтөбе облыстық ауылшаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Аян Ықылас.

Жәрмеңке Ақтөбе облысының әртістері, әншілері және би ұжымдары дайындаған концерттік бағдарламамен сүйемелденіп отыр.

Жәрмеңкенің қонақтары үшін екі киіз үй орнатылған, онда олар Ақтөбе қаласы, Әйтеке би, Мұғалжар және Ойыл аудандарындағы халық қолөнершілерінің еңбектерін тамашалай алады.

Жәрмеңке екі күн - қазанның 3-і және 4-і күндері өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар