Астанада «ақылды технологиялар» көрмесі өтеді

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 21-22 мамыр аралығында VI Астана Экономикалық Форумы аясында «ASTEX - 2013» (Astana Smart Technologies Exhibition - Ақылды технологиялардың астаналық көрмесі) өтеді.
None
None

Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Аталған көрмені Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі мен «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі және Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту қоры бірлесе ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

«Ғаламдық жобаға Канада, АҚШ, Швеция, Финляндия, Ресей, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия, Сауд Арабиясы секілді 50 елдің спикерлері қатысуға ниет білдірді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар