Астанада Әлем және дәстүрлі діндер басшыларының съезін өткізу идеясы Орыс православ шіркеуінің жан-жақты қолдауына ие болды

МӘСКЕУ.  Қазанның  27-сі. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Астанада  Әлем және дәстүрлі  діндер басшыларының  съезін өткізу  идеясы  Орыс православ шіркеуінің    жан-жақты қолдауына  ие  болды.  
None
None

Бұл туралы      Орыс Православ  шіркеуінің  сыртқы шіркеу  байланыстары бөлімінің  төрағасы,   Волоколамский  Архиепископы,   Мәскеу  және    бүкіл Русь   Патриархының  викарийі   Илларион     Қазақстан  Республикасы   Парламент Сенатының  төрағасы   Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған кездесуде  мәлім етті,  деп   хабарлады       заң шығару  палатасының баспасөз қызметінен. 

Кездесу барысында Қ.Тоқаев,     ағымдағы жылы   Астанада    Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  төрағалығымен  өткен  Әлем  және дәстүрлі  діндер басшыларының  съезі сәтті өткенін және     әлемдік  және дәстүрлі діндер мен конфессияларды  жақындату мақсатында бірлесіп  жұмыс істеудің  қажеттілігін   паш  еткенін    атап  көрсетті.  Қ.Тоқаев,      Орыс Православ шіркеуінің  өкілдерін     ағымдағы жылдың  желтоқсан  айында  өтетін   келесі,  төртінші  Съездің   хатшылығының  мәжілісіне  қатысуға шақырды.  Сенат  спикері   сондай-ақ, IV  Съезге    Патриарх  Кириллдің  қатысуының маңыздылығын  атап  көрсетті.

Кездесу  барысында атап  көрсетілгендей,  келесі  жылы      Патриарх  Кириллдің     Қазақстанға сапары  болуы мүмкін.     Оның   Әлем және дәстүрлі діндер басшыларының  IV  съезіне қатысуы    жоспарлануда.   Викарий   Илларионның  да      Қазақстанға  сапары    жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар