Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының Жұмыс тобының отырысы болып өтті

Съезд Хатшылығы Жұмыс тобының бұл отырысы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің негізгі жұмыс органы болып табылатын Съез хатшылығының XV отырысының қарсаңында өткізіліп отыр.
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі - Съезд мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі Уәкіл Марат Әзілхановтың және ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары - Съезд Хатшылығы Төрағасының орынбасары Ержан Ашықбаевтың жетекшілігімен өткен Жұмыс тобының отырысында биылғы жылғы 1 маусымда елордада өтетін Съезд Хатшылығының XV отырысының күн тәртібі талқыланды. Отырыста, сонымен қатар, 2015 жылы өткен V Съездің және Съезд Хатшылығының XІV отырыстарының нәтижелері бойынша айтылған Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық премиясын тағайындау, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің Құрмет медалімен марапаттау, Бейбітшілік және келісім музейін құру мәселелері бойынша пікір алмасулар болды.
Отырыста, сонымен қатар, Астанада 2018 жылы өтетін VІ Съездің тақырыбы мен күн тәртібіне ұсыныстар және Съезд Хатшылығының XVІ отырысын өткізу күні мен орнын белгілеу талқыланды. Жұмыс тобының отырысында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша ортақ келісім көрініс тапқан хаттама қабылданды.