17:36, 12 Мамыр 2010 | GMT +5
Астанада арабтардың тұрмыс-салтын бейнелейтін «Әмірлік ауылы» этноқалашығы ашылды
СТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астанадағы «Керуен» ойын-сауық сауда кешенінде БАӘ-нің мәдениет күндері аясында арабтардың тұрмыс-салтын бейнелейтін «Әмірлік ауылы» этноқалашығы ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астана тұрғындары мен қала қонақтары арабтардың мәдениетін, ұлттық қолөнерін, өмір салтын, дәстүрлі тағамдарымен таныса алады. БАӘ әкелінген декорация шығыс мәдениетін, көшпелі араб халықтарының тұрмыс- салтынан хабар береді. «Керуен» кешенінің ішінде құрылған шағын жәрмеңкеде естелік базарлықтар мен сыйлықтар ұсынылған.
Кеше басталған БАӘ-нің мәдениет күндері мамырдың 14-інде Бейбітшілік және келісім сарайында гала-концертпен аяқталады. Ал оған дейін әмірлік әртістері мен өнерпаздары қала мектептерінде және қарттар үйінде концерт қояды.