Астанада «Азаттық туы желбіреп...» әдеби-сазды кеші өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 8 желтоқсан күні сағат 18.00-де «Тілеп» қобыз сарайында Тәуелсіздік күніне арналған «Азаттық туы желбіреп...» атты әдеби-сазды кеш өтеді.
None
None

Шараны ұйымдастырушылардың хабарлауынша, азаттық аңсаған азат елдің өткені, бүгіні мен келешегі бір-бірімен сабақтаса, біте қайнаса, ән мен күй, ой мен пікір толқынында үйлесе байланысатын, рухани мәнге толы мерекелік кештің жастарға берер ғибраты мол.

Кешті қазақ өнерінің жарық жұлдыздары Қыдырәлі мен Қарақат жарасымды жұп болып жүргізсе, эстрада жұлдыздары Досымжан Таңатаров, Маржан Арапбаева, Ибрагим Ескендір және т.б. ән айтып, Секен Тұрысбек күйден шашу шашпақ.

Аталған шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, жергілікті мемлекеттік орган басшылары, зиялы қауым өкілдері, желтоқсан оқиғасының куәгерлері мен тәуелсіздік құрдастары, тіл жанашырлары, қала тұрғындары, студенттер қатысады.

Соңғы жаңалықтар