20:38, 29 Шілде 2015 | GMT +5
Астанада «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 50-ден астам жоба мақұлданды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Кәсіпкерлік және өндіріс басқармасының хабарлауынша, Астана қаласының индустриялық дамуы бойынша Бақылаушы кеңесі 12 жиын өткізіп, жыл басынан бері 57 жобаны мақұлдаған.

Солардың қатарында:
- Банктер және лизингтік компаниялар кредиттерінің пайыздық үстемесін субсидиялау бойынша жалпы сомасы 290,2 миллион теңгені құрайтын 54 жоба мақұлданды, олардың ішінде 11 жоба кепілдік бойынша 450,9 миллион теңге көлемінде кредиттік желіге ие болды;
- Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша жалпы сомасы 81,8 миллион теңгені құрайтын 3 жоба мақұлданды.
Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін 5 грант иегерлеріне 15,0 миллион теңге көлеміндегі қаржы берілді.
Барлығы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 2010 жылдан қазіргі уақытқа дейін жалпы сомасы 83 878,13 миллион теңгені құрайтын 470 жоба мақұлданған болатын, деп хабарлайды astana.gov.kz.