Астанада бокстан Әлем және Азия чемпионатының жүлдегерлері марапатталды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы мен Қазақстан бокс федерациясы бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының және бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының жүлдегерлерін марапаттады.
None
None

«Бүгінде Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына ерлер арасында 10 және әйелдер арасында 2 боксшымыз жолдама алды. Олардың сәтті өнер көрсетулеріне тілектеспін. Біз сіздерге үміт арттық. Сіздерден жеңіс күтеміз!», - деді Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Кулибаев.

Еске сала кетейік, Әлем чемпионаты 19-27 мамырда Астанада өтті. Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

AIBA президенті Чинг-Куо Ву жарыстың ұйымдастырылуын жоғары бағалады.

Жастар арасындағы Азия Чемпионаты 2-8 мамырда Павлодарда өтті. Онда біздің құрама 6 алтынмен бірінші орынға ие болды.

7 6 5 4 2 1 8 9  

Соңғы жаңалықтар