Астанада бой көтеретін болашақ нысандардың макеттері көрмеге қойылды

ТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін елордадағы ҚР Ұлттық мұрағат қабырғасында Астанада бой көтеретін болашақ нысандардың макеттері қойылған көрме ашылды.
None
None

Аталмыш көрмеден 20-30 жылдан кейінгі жаңа Астананың келбетін көруге болады. Мұнда 88 қабатты Абу-Даби плаза кешені, тұтас шағынаудандардың сұлбалары, қонақ үй кешендері, елорданың технологиялық паркі сынды келешекте құрылысы басталатын сәулет туындыларын көруге болады.

ҚР Ұлттық мұрағат директоры Рысты Сариеваның айтуынша, шара ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр.

«Аталмыш көрме бұрынғы көрмелерден өзгерек. Экспозицияға ел тәуелсіздігіне тікелей байланысты 400-ге тарта бірегей құжат пен аудио, фотоматериалдар қойылған. Сонымен бірге Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы департаменті» ММ, Тәуелсіздік сарайы сынды мекемелерден қаланың болашақ құрылыс нысандарының 16 дана макеті әкелінді», - дейді ол.

Оның айтуынша, аталмыш көрме жыл соңына дейін жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар