Астанада Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумы өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл форумның басты идеясы - адам өркениетінің дамуындағы негізгі басымдық - руханилық екендігін жеткізу. Рухани құндылықтар адам өркениетінің дамуындағы барлық құндылықтардан жоғары тұратындығын жария ету», дейді Т. Мұхамеджанов.
Бүгінге дейі оған әлемнің 70-ке жуық мемлекетінен 400-ден астам делегат қатысуға ниет білдірген. Форум жұмысы негізгі 9 секциядан тұратын болады.
«Бұл идея 2006 жылы Рухани келісім күнінде толеранттылық пен келісімге арналған Астана қаласында өткен халықаралық конгресте алғаш рет айтылды. Қазіргі уақытта форумды өткізу жөніндегі шаралар ҚР Президенті Н. Назарбаевтің қолдауымен жасалуда», деп атап көрсетті Т. Мұхамеджанов.
Т. Мұхамеджановтың айтуынша, Қазақстанның БАҚ өкілдері және жастар әлемдік саясатта, мәдениетте танымал ірі тұлғалармен кездесіп, кеңінен сұхбаттасуларына жағдай жасалады.